Өңірлер

Бурабайда ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Өткен жылдың желтоқсанында ұрлық үшін бірнеше мәрте сотталған ер адам үйде ұйықтап жатқан төрт әйелді пышақтап тастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облыстық мамандандырылған соты Бурабайда төрт әйелді өлтірген қанішерді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп жазады Kokshetau.Asia.

Тергеу нұсқасы бойынша 28 жастағы ер адам Бурабай аудандық полиция бөліміне өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргенін мойындаған. Айтуынша, ол өлгендердің бірін жақтырмаған, қылмысқа да осы себеп болыпты.

Ер адам жантүршігерлік қылмысқа барған кезде мас болған. Басылым мәліметінше, 70 жастағы зейнеткер мен оның 41 жастағы қызы, сондай-ақ олардың екі көршісі көз жұмды.

Күдікті қылмыс жасаған қаруын – пышақты да көрсетті.

Тағы оқыңыз: Артында үш баласы қалды: Риддерде әкімдік қызметкерін өлтіріп кетті

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталған адам кінәсін мойындамай қойды.