Оқиға

Артында үш баласы қалды: Риддерде әкімдік қызметкерін өлтіріп кетті

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской области Полиция задержала подозреваемого в убийстве женщины в Риддере
Полиция задержала подозреваемого в убийстве женщины в Риддере  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Әйел таңертең үйінен шығып, жоғалып кеткен. Кешке зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті орманнан табылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Риддерде үш кішкентай баланың анасын өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

26 тамызда Риддерде қалалық әкімдікте жұмыс істейтін әйел жоғалып кетті. Ол таңертең жұмысқа бару үшін ерте үйінен шығып кеткенімен, жұмыс орнына жетпеген. Ұялы телефоны сөндірулі болған.

Кешке қарай орман алқабын тінту барысында мәйіт табылды. Әйел әдетте жолды кесу үшін жұмысқа қарай сол жолмен барған. Сот-медициналық сарапшылар әйелді тұншықтыру және бірнеше рет пышақ салу арқылы өлтіргенін анықтады.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской области Алты күн бойы жедел-тергеу шаралары тәулік бойы жүргізілді
Артында үш баласы қалды: Риддерде әкімдік қызметкерін өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Алты күн бойы жедел-тергеу шаралары тәулік бойы жүргізілді
Бірнеше күннен кейін полиция күдіктіні қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы ер адам екені анықталды. Күдіктінің берген жауабы бойынша, ол әйелдің күміс әшекейі мен сөмкесін иелену үшін осы қылмысқа барған.

"Алты күн бойы жедел-тергеу шаралары тәулік бойы жүргізілді. Қазір күдікті қамауға алынды. Оның әрекеті қылмыстық кодексінің 99-бабы ("адам өлтіру") және 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша қаралады. Бұл қылмыстық әрекет үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді Шығыс Қыазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қайтыс болған әйелдің артында 8-11 жас аралығындағы үш бала қалды. Балалар марқұмның жақын туыстарына тапсырылды.

Жаңалықтар
0