Денсаулық

Суық ауа жұтқандағы жайсыздық: маман жүрек ауруының белгілерін атады

Іштің, қол, аяқ немесе жақтың ауыруы инфаркттың абдоминальді түрінің алғашқы белгілері болуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапевт маманы, Ресейдің ғылымдар академиясының мүшесі Оксана Драпкина жүрек ауруларының аса қатты білінбейтін, бірақ дәрігерге қаралуды қажет ететін белгілерін атады.

"Суық ауа жұтқан кезде кеуде тұсында пайда болатын кез келген ауырсыну жүрек ауруы туралы ойлануға түрткі болатындай маңызды себеп", - дейді профессор Драпкина "Российская газета" басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ іштің ауруы да жүрек жұмысындағы проблеманы білдіруі мүмкін.

"Іштің, сондай-ақ қол, аяқ немесе жақтың ауыруы жүрек ауруларының, соның ішінде инфаркттың абдоминальді түрінің алғашқы белгілері болуы мүмкін. Бұл дерт кезінде жүрек айну, құсу және іштің ауыруы жиі байқалады", - деді ол.

Сонымен қатар жату немесе отыру кезінде де басылмайтын аяқ-қолдың шаншуы мен ауыруы да кардиологқа қаралуға себеп бола алады.

Демігу және өлімнен қорқу, соның ішінде тыныстап жатқанда да демігу де ауыр салдарға алып келетін симптомға жатады.

Көп адамда артериалды қысымның көтерілуі жүрек ауруларының ең бірінші белгісі деген қате түсінік қалыптасқан. Жиі жағдайда қысымның көтерілуі аурудың асқынғанын білдіреді.

"Кеуде тұсындағы кез келген жайсыздыққа мұқият мән беріңіз. Бұл ауырсыну, шаншу, қысылу болуы мүмкін. Мұның барлығы енді басталып жатқан жүрек ауруының симтомы болуы мүмкін", - дейді терапевт.

Оқи отырыңыз: Дәрігер смартфон несімен қауіпті екенін айтты