Денсаулық

Дәрігер смартфон несімен қауіпті екенін айтты

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Мамандар телефонды күн сайын сүртіп отыруға кеңес береді. Олар осылайша қауіпті сырқаттың алдын алуға болатынын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Телефонның бетінде түрлі ауруға шалдықтыратын өте қауіпті микробтар болуы мүмкін.

Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "СМ-Клиника" дәрігер-инфекционист Наталья Очинская айтты. Ол британдық Суррей университетінің зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап отыр.

Қарапайым адамдар гаджеті бетіндегі бактериялар зерттелген. Қауіпті микробтар анықталды.

"Зерттеу кезінде 30 телефон тексерілді. Кей жағдайда телефон корпусында унитазға қарағанда, 18 есе көп бактерия табылды", - деді дәрігер.

Олардың салдарынан тері, ішек инфекциясы, пневмония мен менингит сынды дерттерге шалдығу қаупі бар. Сондықтан инфекционист телефонды күн сайын тазалауға кеңес берді.

Бұл үшін бактерияға қарсы майлық, қолға арналған микробқа қарсы құралдар, спирт, арнайы тазарту құралдарын пайдалануға болады. Дәрігер зарядталып тұрған телефонды сүртпеген жөн деп отыр. Сондай-ақ тазарту құралдары корпус ішіне кетпеуі керек.

Жаңалықтар
0