НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жариялады.
Ондағы ақпаратқа сүйенсек, еліміздің үш облысы - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан "сары" аймақта тұр.
Ал жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші өзге өңірлермен салыстырғанда төмен Түркістан облысы "жасыл" аймаққа тұрақтады.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары.
Сондай-ақ министрлік бір тәуілікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны туралы мәліметті жаңартты. Бір тәулікте коронавирустан 98 адам көз жұмған.