Өңірлер

Қазақстанның үш облысы "сары" аймақта тұр

© Sputnik / Абзал Калиевбетперде киген адамдар
бетперде киген адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймаққа өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жариялады. 

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, еліміздің үш облысы - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан "сары" аймақта тұр.

Ал жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші өзге өңірлермен салыстырғанда төмен Түркістан облысы "жасыл" аймаққа тұрақтады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары. 

Сондай-ақ министрлік бір тәуілікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны туралы мәліметті жаңартты. Бір тәулікте коронавирустан 98 адам көз жұмған. 

Жаңалықтар
0