Оқиға

Үш пышақ және тапанша: Нұр-Сұлтанда қаруланған азамат ұсталды

Қаруды заңсыз тасымалдаған ер адам мінген көлікті полиция кеше кешке Баршын көшесінде тоқтатқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция көлігінде қару-жарақ пен оқ сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаруды заңсыз тасымалдаған ер адам мінген көлік 3 қыркүйек күні кешке Баршын көшесінде тоқтатылған.

Toyota маркалы көліктің тізгінінде 32 жастағы ер дам отырды.

"Көлікті тексеру барысында ол жерден үш ас үй пышағы, бір 32 калибрлі тапанша мен оның оқтары табылды. Және рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Қарулардың бәрі тәркіленді", - деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287 бабы "қару, жарылғыш зат, оқ-дәрілерді заңсыз тасымалдау және сақтау" бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Оқи отырыңыз: "Не боларын кім біледі?!": қарағандылықтың әрекеті тұрғындарды шошытты – видео