НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 117 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бір тәулікте 96 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 фактісі тіркелді және 21 адам көз жұмды.
Оған қоса 170 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан барлығы - 70608 адам ауырып, 4506 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58796 жетті.
Өткен тәулікте 10161 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.