Денсаулық

Коронавирус пен пандемия 117 адамның өмірін жалмады

© AP Photo / Oded BaliltyМедицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бір тәулікте 96 адам коронавирустан, 21 науқас пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 117 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бір тәулікте 96 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 фактісі тіркелді және 21 адам көз жұмды.

Оған қоса 170 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан барлығы - 70608 адам ауырып, 4506 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58796 жетті.

Өткен тәулікте 10161 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

 

Жаңалықтар
0