Оқиға

Бейтаныс адамға есік ашқан: Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде қыз зорланды

Қыз үйде жалғыз қалған, ол есікті бейтаныс ер адамға ашқан
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қыз өз үйінде зорланды. Бұл туралы жергілікті "Диапазон" басылымы хабарлады.

Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан қызды зорлады – видео
3 қыркүйекте полицияға ағайынды Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде бала зардап шеккені туралы хабарлама түскен. Белгісіз біреу есікті қағып, үйде жалғыз отырған қызды зорлап кеткен.

"Ол пәтерге кіріп, баланың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған", - деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттың ішінде күдіктіні анықтап, ұстады.

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында болады.