НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады.
Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, 8 тамыз сағат 20.42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті.
"29 жастағы тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды "ізін суытпай" ұстады.
Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.