Қазір осы үш атаудың қайсы болса да, көне шаһардың тарихынан сыр шертіп, сол жердің болмысын толық көрсете алады.
Мұнда көптеген тарихи орындар бар. Соның бір парасы ретінде Қарахан кесенесін, Бабаджа қатын кесенесін, Айша бибі мазарын, Ақыртай сарай кешенін атауға болады. Бұл кесенелер мен тарихи орындар қаланың сыртында орналасқан. Сонымен қатар қала ішінде жүріп шаһар тарихымен танысуға болады.
Оның арасында 580 метрлік жаяу жүргіншілер аллеясы, "Тектұрмас" этно-тарихи кешенін және "Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені бар.
Жергілікті тұрғындар мен қонақтар қала ішінде жүріп қандай жерлерге бара алатынын Sputnik фотолентасынан көріңіз.