Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Көне шаһарға саяхат: Тараздың туристік нысандары – фото

Жазылу
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы – 18 ғасырда Әулиеата деп аталған көне қала. Қалаға Тараз атауы 1997 жылы қайтарылды. Ал оның алдында 1937-1997 жылдар аралығында Жамбыл деп аталды

Қазір осы үш атаудың қайсы болса да, көне шаһардың тарихынан сыр шертіп, сол жердің болмысын толық көрсете алады.

Мұнда көптеген тарихи орындар бар. Соның бір парасы ретінде Қарахан кесенесін, Бабаджа қатын кесенесін, Айша бибі мазарын, Ақыртай сарай кешенін атауға болады. Бұл кесенелер мен тарихи орындар қаланың сыртында орналасқан. Сонымен қатар қала ішінде жүріп шаһар тарихымен танысуға болады.

Оның арасында 580 метрлік жаяу жүргіншілер аллеясы, "Тектұрмас" этно-тарихи кешенін және "Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені бар.

Жергілікті тұрғындар мен қонақтар қала ішінде жүріп қандай жерлерге бара алатынын Sputnik фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Айгерім Таубай"Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешенінің алаңы
Тараз қаласы - Sputnik Қазақстан
1/9
"Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешенінің алаңы
© Sputnik / Айгерім ТаубайТараз қаласының орталығындағы алып "Сағат" стелласы 2019 жылы бой көтерді. Ол "Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені алаңының дәл ортасында орналасқан. Сағат шаһардың кез келген жерінен көрінетіндей етіп салынған. Стелланың биіктігі – 40 метр, сағаттың диаметрі – 4 метр
 Тараз қаласының орталығындағы алып Сағат стелласы  - Sputnik Қазақстан
2/9
Тараз қаласының орталығындағы алып "Сағат" стелласы 2019 жылы бой көтерді. Ол "Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені алаңының дәл ортасында орналасқан. Сағат шаһардың кез келген жерінен көрінетіндей етіп салынған. Стелланың биіктігі – 40 метр, сағаттың диаметрі – 4 метр
© Sputnik / Айгерім ТаубайКешен ішіндегі құмыра
Тараздың туристік нысандары - Sputnik Қазақстан
3/9
Кешен ішіндегі құмыра
© Sputnik / Айгерім Таубай"Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені алаңы ескі мен жаңаның байланысы іспеттес. Көне шығыс стилінде бой көтерген нысандарда түрлі көрме ұйымдастырылып тұрады
Көне-Тараз тарихи-этномәдени кешені алаңы - Sputnik Қазақстан
4/9
"Көне-Тараз" тарихи-этномәдени кешені алаңы ескі мен жаңаның байланысы іспеттес. Көне шығыс стилінде бой көтерген нысандарда түрлі көрме ұйымдастырылып тұрады
© Sputnik / Айгерім ТаубайТаразда қала тұрғындарының демалуы мен серуендеуіне арналған жаяу жүргіншілер аллеясы 2020 жылдың қыркүйегінде ашылды. Бұл арбаттың ұзындығы 580 метрді құрайды
Тараздың туристік нысандары – фото - Sputnik Қазақстан
5/9
Таразда қала тұрғындарының демалуы мен серуендеуіне арналған жаяу жүргіншілер аллеясы 2020 жылдың қыркүйегінде ашылды. Бұл арбаттың ұзындығы 580 метрді құрайды
© Sputnik / Айгерім ТаубайБұл арбаттың көрікті жерлерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған 30 метрлік "Қазақ халқына мың алғыс" монументі
Қазақ халқына мың алғыс монументі - Sputnik Қазақстан
6/9
Бұл арбаттың көрікті жерлерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған 30 метрлік "Қазақ халқына мың алғыс" монументі
© Sputnik / Айгерім Таубай"Тектұрмас" этно-тарихи кешені 2019 жылы ашылған. Нысан Жамбыл облысының 80 жылдығына орай салынды. Ежелгі Тараз қаласының төл тарихын көрсететін кешен Талас өзенінің жоғары жағалауында 24 гектар аумақта орналасқан
Тараз қаласы - Sputnik Қазақстан
7/9
"Тектұрмас" этно-тарихи кешені 2019 жылы ашылған. Нысан Жамбыл облысының 80 жылдығына орай салынды. Ежелгі Тараз қаласының төл тарихын көрсететін кешен Талас өзенінің жоғары жағалауында 24 гектар аумақта орналасқан
© Sputnik / Айгерім ТаубайТалас өзенінің жағалауы да жаңарып, түрлі түске боялған. Мұның барлығы Таразды туристік қала ретінде жаңғыру мақсатында бой көтерді
Талас өзенінің жағалауы - Sputnik Қазақстан
8/9
Талас өзенінің жағалауы да жаңарып, түрлі түске боялған. Мұның барлығы Таразды туристік қала ретінде жаңғыру мақсатында бой көтерді
© Sputnik / Айгерім ТаубайМұнда қалаға жоғарыдан қарап, түрлі түске боялған түнгі Таразды тамашалауға болады
Тектұрмас этно-тарихи кешені 2019 жылы ашылған - Sputnik Қазақстан
9/9
Мұнда қалаға жоғарыдан қарап, түрлі түске боялған түнгі Таразды тамашалауға болады
Жаңалықтар
0