Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында бір топ адам неге жиналды – видео

Дәл осындай жағдай Ғашықтар күні қарсаңында гүл дүкенінің ашылуында болған еді. Ол жолы ұтысқа қатысуға мыңдаған адам келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Елордада 1 қыркүйекке орай дүкендердің бірі гүл шоғын тегін таратты. Салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды.

Болған оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Тегін гүл алуға келгендер Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында жиналды.

Жағдайды реттеу үшін полицияның араласуына тура келді.

"Карантинге байланысты бәрін тарата алмадық. Түсіністік танытқаныңызға рахмет", - деп жазды дүкен иелері әлеуметтік желіде.

Дәл осындай жағдай Ғашықтар күні қарсаңында гүл дүкенінің ашылуында болған еді. Ол жолы ұтысқа қатысуға мыңдаған адам келді.