НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Елордада 1 қыркүйекке орай дүкендердің бірі гүл шоғын тегін таратты. Салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды.
Болған оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тегін гүл алуға келгендер Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында жиналды.
Жағдайды реттеу үшін полицияның араласуына тура келді.
"Карантинге байланысты бәрін тарата алмадық. Түсіністік танытқаныңызға рахмет", - деп жазды дүкен иелері әлеуметтік желіде.
Дәл осындай жағдай Ғашықтар күні қарсаңында гүл дүкенінің ашылуында болған еді. Ол жолы ұтысқа қатысуға мыңдаған адам келді.