НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Республиканың көп аймағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтілуде.
Дабылды ескерту
Түркістан облысында шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Облыстың көп аумағында өрт қауіпі жоғары болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Батыста секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады. Облыстың көп аумағында өрт қауіпі жоғары.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел болады. Өрт қауіпі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып найзағай ойнағанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығысқа ауысады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Алматы облысында Іле, Жетісу Алатауында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғып, бұршақ жауады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады