Өңірлер

Найзағай, тұман, жел: ертеңге арналған ауа райы болжамы

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVқолшатыр асытндағы адам
қолшатыр асытндағы адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Казгидромет болжамынша, оңтүстік-шығыста, батыста, шығыста және орталық Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жауын-шашын әсіресе батыста басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Республиканың көп аймағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтілуде.

Дабылды ескерту

Түркістан облысында шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Облыстың көп аумағында өрт қауіпі жоғары болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Батыста секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады. Облыстың көп аумағында өрт қауіпі жоғары.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел болады. Өрт қауіпі жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып найзағай ойнағанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығысқа ауысады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Алматы облысында Іле, Жетісу Алатауында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғып, бұршақ жауады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

 

Жаңалықтар
0