НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайды ескеріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің өршуі біздің алдымызға әскери доктрина мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін "қайта жүктеу" міндетін қояды. Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерге жауап қайтару жеделдігін арттыру да мемлекеттік маңыздағы басымдыққа айналуға тиіс. Біз сыртқы сын-қатер мен ең нашар сценарийге дайын болуымыз керек", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.
Жолдау-2021: Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді
Президент стресс-тестер өткізіп, сценарийлерді пысықтау маңызды екенін атап өтті. Айтуынша, соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіледі.