НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке мемлекет қаражатын басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев бюджет кірістерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.
"Бірақ, ең алдымен, мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігін бақылау қажет. Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережелерді енгізуді жеделдету керек", деді мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында.
Айтуынша, тиісті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс.
"Жалпы, елге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік борышты, бюджеттік саясатты, Ұлттық қорды басқару жөнінде ережелер топтамасы қажет. Үкімет пен ұлттық банктен жыл соңына дейін мемлекет қаражатын басқару тұжырымдамасын әзірлеуді сұраймын", - деді Тоқаев.