Қоғам

Журналист Мұхтар Атабек қайтыс болды

Мұхтар Орынтайұлы Атабек 1967 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылында туған
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанның мәдениет қайраткері, журналист Мұхтар Атабек қайтыс болды, деп хабарлады Turkistan телеарнасы.

Мұхтар Орынтайұлы Атабек 1967 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылында туған.

Журналистік қызметін республикалық "Жас Алаш" газетінен бастаған.

1996-1998 жылдары мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза" – "Преступление и наказание" газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.

1997-2001 жылдары Қазақ радиосының Астана студиясында редактор болды.

2001-2005 жылдары тәуелсіз "Замана" және облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде редактор, жауапты хатшының орынбасары болған.

2005 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Оңтүстік" телеарнасында редактор, бас редактор қызметін атқарған.