АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанның мәдениет қайраткері, журналист Мұхтар Атабек қайтыс болды, деп хабарлады Turkistan телеарнасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұхтар Орынтайұлы Атабек 1967 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылында туған.
Журналистік қызметін республикалық "Жас Алаш" газетінен бастаған.
1996-1998 жылдары мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза" – "Преступление и наказание" газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.
1997-2001 жылдары Қазақ радиосының Астана студиясында редактор болды.
2001-2005 жылдары тәуелсіз "Замана" және облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде редактор, жауапты хатшының орынбасары болған.
2005 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Оңтүстік" телеарнасында редактор, бас редактор қызметін атқарған.