НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Желіде америкалық әскерилердің ауған жерінен кетуін тойлап жатқан тәлібтердің фотосы тарады.
Бір күн бұрын АҚШ қорғаныс министрлігі Кабулдан кеткен соңғы америкалық әскеридің суретін көрсетті, деп жазды РИА Новости.
Суретте Ауғанстаннан кету үшін АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі С-17 ұшағының бортына көтеріліп жатқан генерал-лейтенант Крис Донахью бейнеленген.
Америкалық әскери қызметшілер кеткеннен кейін Талибан қозғалысының өкілдері олардың техникасын зерттеп, әскери киімдерін киген. Бұл суреттер Желіде тарап кетті.
Содырлар америкалық "Чинук" тікұшағын көру үшін Кабул әуежайындағы ангарға барған. Содан кейін тәлібтер аспанға оқ атып, ұзақ жылға созылған соғыстың аяқталғанына қуанған, деп жазды LA Times.
Қазіргі уақытта Ауғанстанда елден кеткісі келетін 100-ге жуық АҚШ азаматы бар. Ал АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық операциялары Катарға ауыстырылды.
Талибан* – Қазақстанда және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.