Спорт

Токио Паралимпиадасы: дзюдошымыз күміс жүлдегер атанды

Финалда Сәриев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен белдесті. Осы жекпе-жекте қарсыласы бірінші болып "вазари" ұпайымен алға шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сәриев (60 келі) Токио Паралимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәриев бірден ширек финалдық жекпе-жектерден бастаған болатын. Алғашқы белдесуде қазақстандық спортшы моңғол Ядамдорж Сухбаатарды жеңді. Ал жартылай финалда Венесуэла дзюдошысы Маркос Дениз Бланкодан басым түскен.

Финалда Сәриев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен белдесті. Осы жекпе-жекте қарсыласы бірінші болып "вазари" ұпайымен алға шықты. Отандасымыз есепті теңестіре білді.

Алайда жекпе-жектің соңында Ширинли өз әдісін іске асырып, жеңіске қол жеткізді. Осылайша, дзюдошы Әнуар Сәриев күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетері, бұған дейін паралимпиадашы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз: Параолимпиадашылар Токиоға аттанды – Қазақстан намысын кім қорғайды