Спорт

Параолимпиадашылар Токиоға аттанды – Қазақстан намысын кім қорғайды

© Photo : PHILIP FONGПаралимпиада 2020
Паралимпиада 2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Паралимпиданың ашылу салтанатында пара таеквандодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев Қазақстан Туын алып шығады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанның құрама командасы Токиоға Паралимпиада ойындарына аттанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстанның намысын алғаш рет 25 спортшы қорғайды. Бұған дейін олардың саны 12 адамнан аспаған.

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, таеквандо мен жеңіл атлетика жарыстарына қатысады. Сондай-ақ, отандық спортшылар алғаш рет пара каноэ мен пара оқпен атудан лицензия жеңіп алған.

Жүзу:

  1. Нұрдәулет Жұмағали;
  2. Нұрәлі Советқанов;
  3. Сиязбек Дәлиев;
  4. Ержан Сәлімгереев;
  5. Зульфия Габидулина;
  6. Роман Агалаков;
  7. Әлия Разымбекова.

Жеңіл атлетика:

  1. Дастан Мұқашбеков;
  2. Салтанат Әбілқасымқызы.

Дзюдо:

  1. Жанбота Аманжол;
  2. Зарина Байбатина;
  3. Теміржан Дәулет;
  4. Даяна Федосова;
  5. Әнуар Сәриев;
  6. Ғалымжан Смағұлұлы.

Каноэ:

  1. Бейбарыс Сыпатай.

Таеквондо:

  1. Нурлан Домбаев;
  2. Нышан Өмірәлі;
  3. Камила Досмалова;

Пауэрлифтинг:

  1. Давид Дегтярев;
  2. Раушан Қойшыбаева;
  3. Рахмеджан Хамаев;
  4. Гүлбану Әбдіқалықова;
  5. Алина Солодухина.

Пара оқ ату:

  1. Айсұлу Жұмабаева.

Паралимпиданың ашылу салтанатында пара таеквандодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев Қазақстан Туын алып шығады.

Айта кетері, 25 тамызда жүзу жарыстары басталады. 26-30 тамыз – пауэрлифтинг, 27-29 тамыз – дзюдо, 2 қыркүйек – каноэ мен тхэквандо, 31 тамыз – оқу ату, ал 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жеңіл атлетикадан сайыс өтеді.

Жаңалықтар
0