Оқиға

Қарағандыда алты баланың анасы коронавирустан қайтыс болды

Әйел босанғаннан кейін көз жұмды, нәресте тірі, бірақ ауыр хәлде жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында 43 жастағы көпбалалы ана перинаталды орталықта көз жұмды. Бұл туралы Telegram-да "Вечерняя Караганда" басылымы хабарлады.

Белгілі болғандай, әйел алтыншы баласын дүниеге әкелгеннен кейін он күннен соң қайтыс болған. Сәби тірі, бірақ жағдайы ауыр.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді. Ведомство ақпаратынша, бұл факті бойынша медицина және фармацевтика қызметінің сапасын бақылау департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның солтүстігінде сәби коронавирустан көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында анасы коронавирус жұқтырған шала туған сәби көз жұмған еді.