НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Әнуар Сәриев (60 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сәриев бірден ширек финалдық жекпе-жектерден бастады. Алғашқы белдесуде қазақстандық спортшы моңғол Ядамдорж Сухбаатарды жеңді. Ал жартылай финалда Венесуэла дзюдошысы Маркос Дениз Бланкодан басым түсті.
Осылайша, Әнуар Сәриевтің арқасында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Әзірше күміс бар. Сәриев финалда жеңсе, алтын медаль болады. Финалдық жекпе-жекте ол Әзірбайжан спортшысы Вугар Ширинлимен белдеседі.
Айта кетері, бұған дейін паралимпиадашы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз: Параолимпиадашылар Токиоға аттанды – Қазақстан намысын кім қорғайды