НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. 24 тамызда Қырғызстанда нөсер жауын салдарынан Ыстық көл облысының Түп ауданының екі ауылын су басты.
Шаты мен Балбай ауылдары нөсер жауын салдарымен күресуде, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Су басқан ауылдардың жағдайы әлеуметтік желіде жарияланды.
Ол жерден Шаты ауылындағы үйлердің аулаларын су басып, көше жолдарын да шайып кеткенін көруге болады. Балбай ауылында зираттар су астында қалды.
Құтқарушылар мен жергілікті халық нөсер жауын салдарын жойып жатыр.
Сонымен қатар елдің төтенше жағдайлар министрлігі Ыстық көл облысында сел жүру қауіпі бар екенін ескертті.
Оқи отырыңыз: Шарындағы сел куәгері: адамдар бағанаға жабысып тұрды