НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:
- медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда, ұстаздар мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;
- санитарлық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
- мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымында "Ashyq" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Еске салсақ, биыл оқушылар жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды.