Қоғам

Вице-премьер жаңа оқу жылы қарсаңында тапсырма берді

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Тамыз айының соңына дейін барлық мектеп санитарлық талаптарға сай болуға тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда, ұстаздар мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;
  • санитарлық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымында "Ashyq" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  •  мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

Еске салсақ, биыл оқушылар жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды.

Жаңалықтар
0