Елорда тынысы

Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр

Балаларды үйірмеге жаздыруға арналған сайт істен шыққан. Осыдан кейін ата-аналар Оқушылар сарайының алдында кезекке тұруға мәжбүр болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының алдына бір топ ата-ана жиналды. Жұрттың жиылуына балаларды үйірмелерге жаздыруға арналған сайттың істен шығуы себеп болған.

Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы секцияларға жазылу 25 тамыздан басталатынын хабарлаған еді. Баланы үйірмеге MINDAL порталы арқылы онлайн жаздыру ұсынылды. Қандай да бір сұрақтар туындаса, Оқушылар сарайына келуге кеңес берді.

Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр

Ата-аналардың бірі Sputnik Қазақстанға көрсетілген уақытта сайт жұмыс істемегенін айтты. Соның кесірінен адамдар балаларын үйірмеге жаздыру үшін таңғы сегізден мекеме маңына жинала бастаған.

Есік алдында ұзын-сонар кезек пайда болды, ол өте баяу жылжып жатыр. Кейбір тұрғындар бірнеше сағат күтіп, шаршағандықтан, үйлеріне кетіп қалған.

Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр

"Мен он бірге таман келдім, ол уақытта бұл жерде елуге тарта адам болды. Тізім жасалып, сол арқылы ішке кіргізе бастады. Оқушылар сарайының қызметкерлері телефон тұтқасын көтермейді. Мен күтпей кетіп қалдым", - деді Sputnik Қазақстанға ата-аналардың бірі.

Оның айтуынша, Оқушылар сарайында жеңілдікке ие санаттағы балалар үшін бөлінетін тегін орындар саны шектеулі. Ата-аналар да балаларын секцияға дәл осы себептен бірінші күні жаздырғысы келген шығар.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы түсініктемені кешірек беруге уәде етті.