Елорда тынысы

Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр

© Sputnik / Асель Журумбаева Оқушылар сарайының алдындағы кезек
Оқушылар сарайының алдындағы кезек - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Балаларды үйірмеге жаздыруға арналған сайт істен шыққан. Осыдан кейін ата-аналар Оқушылар сарайының алдында кезекке тұруға мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының алдына бір топ ата-ана жиналды. Жұрттың жиылуына балаларды үйірмелерге жаздыруға арналған сайттың істен шығуы себеп болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы секцияларға жазылу 25 тамыздан басталатынын хабарлаған еді. Баланы үйірмеге MINDAL порталы арқылы онлайн жаздыру ұсынылды. Қандай да бір сұрақтар туындаса, Оқушылар сарайына келуге кеңес берді.

© Sputnik / Асель Журумбаева Оқушылар сарайының алдына жиналған ата-аналар
Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Оқушылар сарайының алдына жиналған ата-аналар

Ата-аналардың бірі Sputnik Қазақстанға көрсетілген уақытта сайт жұмыс істемегенін айтты. Соның кесірінен адамдар балаларын үйірмеге жаздыру үшін таңғы сегізден мекеме маңына жинала бастаған.

Есік алдында ұзын-сонар кезек пайда болды, ол өте баяу жылжып жатыр. Кейбір тұрғындар бірнеше сағат күтіп, шаршағандықтан, үйлеріне кетіп қалған.

© Sputnik / Асель Журумбаева Ондаған ата-ана балаларын үйірмелерге жаздыру үшін кезек күтіп тұр
Елордалық ата-аналар Оқушылар сарайының алдына жиналды – не болып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Ондаған ата-ана балаларын үйірмелерге жаздыру үшін кезек күтіп тұр

"Мен он бірге таман келдім, ол уақытта бұл жерде елуге тарта адам болды. Тізім жасалып, сол арқылы ішке кіргізе бастады. Оқушылар сарайының қызметкерлері телефон тұтқасын көтермейді. Мен күтпей кетіп қалдым", - деді Sputnik Қазақстанға ата-аналардың бірі.

Оның айтуынша, Оқушылар сарайында жеңілдікке ие санаттағы балалар үшін бөлінетін тегін орындар саны шектеулі. Ата-аналар да балаларын секцияға дәл осы себептен бірінші күні жаздырғысы келген шығар.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы түсініктемені кешірек беруге уәде етті.

Жаңалықтар
0