Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және жел: синоптиктер үш күнге болжам жасады

24, 25 және 26 тамыз күндері өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 24-26 тамызда атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі, екпінді жел соғады.

Қазақстанның барлық өңірінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты:

  • елдің батысында түнде +17-22, күндіз +32-39 градус;
  • солтүстікте түнде +13-18, күндіз +30-35 градус;
  • орталық пен шығыста түнде +11-17, күндіз +27-33 градус;
  • оңтүстікте түнде 15-22, күндіз 32-39 градус ыстық.

24 тамызда мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күндіз күн ашық, кешке аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20, күндіз +30 градус ыстық.

Алматыда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде +24, күндіз +29 градус болжанып отыр.

Шымкентте күн ашық, түнде +24, күндіз +35 градус ыстық.