НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, 24-26 тамызда атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі, екпінді жел соғады.
Қазақстанның барлық өңірінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты:
- елдің батысында түнде +17-22, күндіз +32-39 градус;
- солтүстікте түнде +13-18, күндіз +30-35 градус;
- орталық пен шығыста түнде +11-17, күндіз +27-33 градус;
- оңтүстікте түнде 15-22, күндіз 32-39 градус ыстық.
24 тамызда мегаполистерде ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күндіз күн ашық, кешке аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20, күндіз +30 градус ыстық.
Алматыда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде +24, күндіз +29 градус болжанып отыр.
Шымкентте күн ашық, түнде +24, күндіз +35 градус ыстық.