24 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы, 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және оны өткізу. Үкімет отрысының тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желіден көре аласыздар.
НҰР-СҰЛТАН
12.00 –"Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
АЛМАТЫ
12.00 – "Қасқыр мен жеті лақ" спектаклі (Алматы қуыршақтар театры, Пушкин көшесі, 63).
18.00 – "Мой папа меня догоняет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).
25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Новосібірде "ТЕХНОПРОМ -2021" технологиялық дамудың VII халықаралық форумы өтеді. Қонақтар мен спикерлер қатарында белгілі бизнесмендер, ғалымдар, ғылыми қалашық пен инновациялық орталық, сонымен қатар министрлік пен ведомство басшылары бар. Форумның негізгі тақырыбы – ғылым мен инновацияның түрлі деңгейдегі әлеуметтік және өндірістік жобалармен байланысы. Ресей синхронотронның жаңа 4-ші буынын, карбон полигонын, Новосібір мемлекеттік университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру кампусы мен өзге де жаңашылдықтарын таныстырады.
Бұдан бөлек, форум аясында Орыс үйі "Новосібір – Нұр-Сұлтан" телекөпірін ұйымдастырады. Оның қатысушылары ядролық физика саласының бірлескен жобаларын талқылайды. Форум гибридтік форматта өтеді, қазақстандық ғалымдар, мамандар мен бизнесмендердің онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік жасалады. Форумға ресми сайт арқылы тіркелуге болады.
СЕМЕЙ
10.00 – Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Маңызды шешімдер кезеңі» қор көрмесі ашылады. Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов ашады. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің Республикалық жоспары шеңберінде ұйымдастырылды және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған. «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында ашылады және 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс. Ақпаратты 23.06.21 ж., сағ. 18:00-ге дейін 264707@mail.ru және presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына жіберген абзал. Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 69-30-51 (Елбасы кітапхасының Баспасөз қызметкері Аяулы Валитова), +7-705-549-52-37 (ШҚО Ішкі саясат басқармасының қызметкері Сәуле Қалиғазина).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.