Аңдатпа

Қазақстанда 23 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветущие маки близ Алматы
Цветущие маки близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23-25 тамызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

23 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ішкі істер министрлігі онлайн-брифинг өткізеді. Тақырыбы - "Автомобиль" жедел-профилактикалық шарасының қорытындысы. Спикер: Қанат Нұрмағамбетов – ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

12.00 –"Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

АЛМАТЫ

18.00 –"Мой папа меня догоняет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Новосібірде "ТЕХНОПРОМ -2021" технологиялық дамудың VII халықаралық форумы өтеді. Қонақтар мен спикерлер қатарында белгілі бизнесмендер, ғалымдар, ғылыми қалашық пен инновациялық орталық, сонымен қатар министрлік пен ведомство басшылары бар. Форумның негізгі тақырыбы – ғылым мен инновацияның түрлі деңгейдегі әлеуметтік және өндірістік жобалармен байланысы. Ресей синхронотронның жаңа 4-ші буынын, карбон полигонын, Новосібір мемлекеттік университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру кампусы мен өзге де жаңашылдықтарын таныстырады.  

Бұдан бөлек, форум аясында Орыс үйі "Новосібір – Нұр-Сұлтан" телекөпірін ұйымдастырады. Оның қатысушылары ядролық физика саласының бірлескен жобаларын талқылайды. Форум гибридтік форматта өтеді, қазақстандық ғалымдар, мамандар мен бизнесмендердің онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік жасалады. Форумға ресми сайт арқылы тіркелуге болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0