Әлем

Еуроодақпен қауымдастық құру Украинаға не берді

Украина мен Батыс байланысы қандай және Еуроодақпен қауымдастық құру не берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. 24 тамызда Украина Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. 1991 жылдың дәл осы күнінде елдің тәуелсіздігін жариялайтын актіге қол қойылды. 

"Украина – Ресей емес" тұжырымдамасы Ресеймен байланысты үзуге бағытталған болатын.

Украинаның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда ел "болашақта әскери блокқа қатыспайтын тұрақты бейтарап мемлекет болуға шақыратын" тарау бар. Алайда бұл ереже жұмыс істеп тұрған жоқ, деп санайды РФ Үкіметі жанындағы қаржы университетінің бұқаралық коммуникация мен медиабизнес департаментінің доценті Геворг Мирзаян. 

"Украиналықтар өздерін Батыстың бір бөлігі деп санайды. Алайда Батыстың ешқандай бөлігі емес. Украина Еуроодақтың, НАТО-ның көлеңкесінде әлі ұзақ жүреді", - деп санайды саясаттанушы. 

Украина қарулы күштерінің қауқары қандай

"Украина "антиРесей" тұжырымдамасы аясында НАТО-мен байланысты күшейтуді бағыт етті: 1997 жылдың 9 шілдесінде НАТО мен Украина "Ерекше әріптестік туралы хартияға" қол қойды. 2006 жылдан бері Украина жыл сайын НАТО-ның бес-алты оқу-жаттығуына қатысады. Олар негізінен Қара теңізде өтеді. 

Петр Порошенко президент болған кезде Украина Конституциясына оның "еуропалық және еуроатлантикалық бағытын" бекітетін ережелер енгізілді. Егер 2013 жылға дейін Украина дербестігі айқын болса, кейін жағдай ушығып кетті. "Майданның" қарсаңында Виктор Янукович екі күш орталықтарының арасында келіссөз жүргізді. 

"Янукович Брюссельмен белсенді диалог жүргізді. Брюссель өзіне тарту әрекетіне кірісіп, бұл әдіс Украинадағы режимді өзгертуді емес, Еуроодақ режиміне бағындыруға бағытталды", - дейді Интеграция перспективаларын зерттеу орталығының директоры Сергей Рекеда. 

Оның айтуынша, бұл жоспарды өзгертуге Януковичтің Ресей тарапынан қаржылай көмекті қабылдауы әсер етті. Сол шақта билікке батыс ықпалына оң қарайтын саясаткерлердің келуін де кездейсоқ деуге болмайды. 

Украина мен Еуроодақ арасындағы ассоциация туралы келісім 2017 жылы ғана өз күшіне енді. Янукович кезінде ассоциация туралы келісімге украин бизнесмендері, өнеркәсіп иелері қарсы шықты. Себебі құжатты қабылдау ел кәсіпорындарын банкротқа ұшыратынын түсінді, деп айтты Мирзаян. 

"Ол келісім Еуропа нарығындағы аз ғана үлес үшін Украина барлық еуропалық тауарға ашық болатынын қарастырды. Еуропа нарығындағы шағын үлестің өзін Янукович құжатқа қол қоюдан бас тартқаннан кейін ғана мақұлдаған болатын", - деді саясаттанушы. 

Рекеда ассоциация туралы келісім тек саяси мақсатта мақұлданғанын, оның экономикалық әсері болмағанын айтты. Мысалы, ККиевтің еуропалық теңестіру қолына қолжетімділігі болмады. 

Оның үстіне Украинаның Еуроодақтағы еркін саудаға қолжетімділігі қатаң квоталармен шектеулі болып, украин өндірушілері ЕО елдеріне белгілі бір тауарлар тобын ғана жеткізе алды. 

Экс-президент Виктор Янукович Украина халқына үндеу жасады

"Ассоциация визасыз режим мәселесін де қарастырды. Алайда бұл орындалған жоқ. Себебі украиндер Еуроодақ ішінде жұмыс істеуге рұқсат ала алмады. Бұл тек туристік мақсатта еркін жүріп-тұруды қамтыды", - дейді Рекеда.

Сарапшы салыстыру мақсатында Арменияны мысал етті. 2013 жылы Ереван ЕО-мен ассоциация келіссөзін жүргізіп, нәтижесінде 2013 жылдың қыркүйегінде Еуразиялық одаққа қосылатынын мәлімдеді. Еуроодаққа қосылғаннан кейін Армения ЕО-мен терең әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Еуроодақпен ассоциация Украинаға саяси және кредиттік тәуелділік алып келді. Ол Ресеймен экономикалық байланысты үзгеннен кейін Халықаралық валюта қорынан толық тәуелді болып қалды. Осы жылдың тамызында президент Зеленскийдің кеңсесі 2020 жылы бекітілген Stand by бағдарламасы аясында Халықаралық валюта қоры елге қайтарымсыз негізде кезекті рет 2,7 миллиардтан астам доллар беретінін хабарлады. Шындығында бұл Халықаралық валюта қоры пандемиядан кейінгі қалыпқа келу үшін барлық елге ұсынған қаржылай көмек. 

Рекеданың айтуынша, Ресей Федерациясы мен Батыстың қазіргі қарым-қатынасы шиеленіскен сипатта жалғаса берсе, Украинада да оң өзгеріс болуы екіталай.