Қоғам

Қазақстандықтар қыркүйекте қанша күн демалады

Күз мезгілінің басы қазақстандықтар үшін жемісті болмақ, өйткені жаз айларына қарағанда қыркүйекте демалыс аз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Биыл қыркүйекте қазақстандықтар сегіз күн демалады.

Мамин демалыс күнгі локдаунға байланысты тапсырма берді 
Қырүйекте Қазақстанда бірде бір мемлекеттік немесе ұлттық мереке жоқ, сол себепті бұл айда адамдар тек демалыс күндері – сенбі және жексенбі демалады.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде қыркүйекте 22 жұмыс және 8 демалыс күні болады.

Тамыз айында 10 демалыс күні бар – 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтеді.