НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Тұран даңғылында болған жол оқиғасы кезінде бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 22 тамызда кешкі сағат 21:33-те болған. Geely Emgrand көлігін мінген 18 жастағы жүргізуші Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Тұран көшесіне бұрылмақ болған.
Бірақ жолдың қарсы жолағында Toyota Estima-ны өткізбеген. Нәтижесінде екеуі соқтығысқан. Toyota Estima соққыдан аударылып кетті.
Жол апаты кезінде Toyota-да отырған жолаушы зардап шекті. Қызды бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді.
Оқи отырыңыз: "Адамдар не болып барады?": Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған апат видеосы