Видео

АрМИ-2021: қазақстандық десантшылар жарыс трассасын игеріп жатыр - видео

Бүгін бес елде – Ресейде, Қытайда, Беларусьте, Өзбекстанда және Иранда халықаралық армия ойындары басталады
Sputnik

"Десантшылар взводы" және "Тактикашыл мерген" конкурстарының қазақстандық қатысушылары жарысқа дайындығын аяқтап жатыр.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Youtube-каналында халықаралық армия ойындары қатысушыларының Рязан облысының полигондарындағы жаттығуы түсірілген видео жариялады.

"Десантшылар взводы" конкурсының қазақстандық командасы қарудан атып, жауынгерлік машиналардың құралдарын тексерді. Механик-жүргізушілер кедергілер қойылған трассада БМД-2 көлігін жүргізіп көрді. Конкурстың төрт кезеңінің үшеуінде қатысушылар десанттық жауынгерлік машинада жарысады.

Бұдан бөлек "Тактикашыл мерген" конкурсына дайындық аясындағы соңғы жаттығулар өтті. Әскерилер жеке, жұп және топ құрамында машығын жетілдірді.