Фото

Жүрек жұтқандарға арналған: Бразилияда ерекше аттракцион ашылды - фото

Sputnik

Сан-Паулу қаласында 170 метр биікте "қалықтап" тұрған шыны бокс пайда болды.

Барлық қабырғасы шыныдан тұратын Sampa Sky шолу алаңы "Миранти-ду-Вали" ғимаратының 42-ші қабатында орналасқан.

Бұл биіктіктен қорықпайтын қала тұрғындары мен қонақтары жиі келетін орынға айналды.

Шолу алаңынан қаланың көрікті келбетін тамашалауға болады.

1 / 8
Sampa Sky аттракционын "бойыңда қан жүгіртетін орын" деп атайды.
2 / 8
Sampa Sky Сан-Паулу орталығын 170 метр биіктіктен тамашалауға мүмкіндік береді.
3 / 8
Шыны балконды құрастырушыларға Чикагодағы Уиллис-тауэрде орналасқан "Аспан палубасы" шабыт берген көрінеді.
4 / 8
Шолу алаңы "Миранти-ду-Вали" биік ғимаратының 42-ші қабатында орналасқан.
5 / 8
"Миранти-ду-Вали" ғимараты 1960 жылы салынған.
6 / 8
Бұл ғимарат 2014 жылы Millennium Palace мұнарасының құрылысы аяқталғанға дейін Бразилиядағы ең биік нысан болып келді.
7 / 8
Қабырғалары әйнектен тұратын Sampa Sky шыны боксы ауада қалықтап тұрғандай әсер қалдырады.
8 / 8
Бұл биіктіктен қорықпайтын, жүрегінің түгі бар адамдарға арналған аттракцион.