Денсаулық

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам көз жұмды

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66 381 адам ауырып, 4111-і қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 116, ковидтік пневмониядан 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясы

18 тамыздағы мәлімет бойынша, елде 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  • 1 840 адамның жағдайы ауыр;
  • 561 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Коронавирус пневмониясы

COVID-19 белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркелді. Ал 221 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66 381 адам ауырып, 4111-і қайтыс болды.