НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 116, ковидтік пневмониядан 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирус инфекциясы
18 тамыздағы мәлімет бойынша, елде 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 840 адамның жағдайы ауыр;
- 561 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Коронавирус пневмониясы
COVID-19 белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркелді. Ал 221 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66 381 адам ауырып, 4111-і қайтыс болды.