Фото

Жұлдыз жауған түн: әлемнің әр түкпірінен түсірілген таңғажайып суреттер

Sputnik

Қазақстан тұрғындары бұл метеорлы ағынды тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні түні тамашалай алды. "Жұлдыздар жауынын" түнгі сағат 22:00-ден таң сәріге дейін бақылау мүмкіндігі туды.

Персеидтердің белсенділігі 13 тамыздан кейін тағы бірнеше күнге созылды. Адамзат жыл сайын тамыздың ортасына қарай осы құбылыстың куәсі болып жүр.

Биыл тамыздағы "жұлдыздар жауынын" тамашалауға ай кедергі келтірмеді. Себебі айдың жаңаруы тамыздың басында өтіп кетті.

Осы айда Персеидтер ағынынан бөлек Кассиопеидтер, Каппа-Цигнидтер, Эпсилон-Пегасидтер, Лацертидтер, Цефеидтер ағыны да болады.

Тамыз аспанының әсерлі суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

1 / 12
Жылдың ең қатты метеоритті "жаңбыры" тамыздың ортасында өтті. Суретте: Алматы аспанындағы персеидтер.
2 / 12
Американың Невада штатындағы Кларк округінде шағын Финляндия ретінде танымал қызыл құмдақ ауданындағы жұлдызды аспан.
3 / 12
Персеидтер тамыздың ортасында аспанда "тұнып" қалады десе де болады. Суретте: Алматы маңындағы жұлдызды аспан.
4 / 12
Македониядағы Охрид қаласының аспанынан "ағып бара жатқан" Персеид метеоры.
5 / 12
Персеидтерден құралған метеор аспанда әдемі із қалдырады. Суретте: Батыс Вирджинияда тіркелген метеор ағыны.
6 / 12
Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні минутына 200 "жұлдыздың құлауы" тіркелген. Суретте: Израильдің оңтүстігіндегі Негев шөлінде байқалған "жұлдызды жаңбыр".
7 / 12
Гавай аралындағы Мауна-Кеа вулканының төбесіндегі Құс Жолы мен Персеид метеоры.
8 / 12
Аспандағы "Аққу" шоқжұлдызының ең жарық жұлдызының бірі – Денеб жанынан өтіп бара жатқан ерте метеор ағыны.
9 / 12
Персеидтер Персей шоқжұлдызы жағынан пайда болады. Суретте: Солтүстік Македониядағы Стоби көне қаласының жанындағы бағаналар төбесіндегі метеорлар.
10 / 12
Персеидтер дегеніміз – Свифт-Таттл кометасының сынықтары. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауындағы метеор көрінісі.
11 / 12
Жұлдыз аққан сәтте арманыңды іштей айтып үлгерсең ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Суретте: Невада штатының ұлттық демалыс орталығындағы Пинто-Вэлли шөлінің аспанындағы метеорлар.
12 / 12
Жер жыл сайын комета жолымен жүріп өтеді. Кометадан бөлініп шыққан сынықтар аспанда метеор түрінде байқалады. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауының аспанын құлап бара жатқан жұлдыз.