Қазақстан тұрғындары бұл метеорлы ағынды тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні түні тамашалай алды. "Жұлдыздар жауынын" түнгі сағат 22:00-ден таң сәріге дейін бақылау мүмкіндігі туды.
Персеидтердің белсенділігі 13 тамыздан кейін тағы бірнеше күнге созылды. Адамзат жыл сайын тамыздың ортасына қарай осы құбылыстың куәсі болып жүр.
Биыл тамыздағы "жұлдыздар жауынын" тамашалауға ай кедергі келтірмеді. Себебі айдың жаңаруы тамыздың басында өтіп кетті.
Осы айда Персеидтер ағынынан бөлек Кассиопеидтер, Каппа-Цигнидтер, Эпсилон-Пегасидтер, Лацертидтер, Цефеидтер ағыны да болады.
Тамыз аспанының әсерлі суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖылдың ең қатты метеоритті "жаңбыры" тамыздың ортасында өтті. Суретте: Алматы аспанындағы персеидтер.
1/12
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жылдың ең қатты метеоритті "жаңбыры" тамыздың ортасында өтті. Суретте: Алматы аспанындағы персеидтер.
© AFP 2024 / ETHAN MILLERАмериканың Невада штатындағы Кларк округінде шағын Финляндия ретінде танымал қызыл құмдақ ауданындағы жұлдызды аспан.
2/12
© AFP 2024 / ETHAN MILLER
Американың Невада штатындағы Кларк округінде шағын Финляндия ретінде танымал қызыл құмдақ ауданындағы жұлдызды аспан.
© Sputnik / Тимур БатыршинПерсеидтер тамыздың ортасында аспанда "тұнып" қалады десе де болады. Суретте: Алматы маңындағы жұлдызды аспан.
3/12
© Sputnik / Тимур Батыршин
Персеидтер тамыздың ортасында аспанда "тұнып" қалады десе де болады. Суретте: Алматы маңындағы жұлдызды аспан.
© AFP 2024 / ROBERT ATANASOVSKIМакедониядағы Охрид қаласының аспанынан "ағып бара жатқан" Персеид метеоры.
4/12
© AFP 2024 / ROBERT ATANASOVSKI
Македониядағы Охрид қаласының аспанынан "ағып бара жатқан" Персеид метеоры.
© AFP 2024 / NASA / Bill IngallsПерсеидтерден құралған метеор аспанда әдемі із қалдырады. Суретте: Батыс Вирджинияда тіркелген метеор ағыны.
5/12
© AFP 2024 / NASA / Bill Ingalls
Персеидтерден құралған метеор аспанда әдемі із қалдырады. Суретте: Батыс Вирджинияда тіркелген метеор ағыны.
© REUTERS / AMIR COHENТамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні минутына 200 "жұлдыздың құлауы" тіркелген. Суретте: Израильдің оңтүстігіндегі Негев шөлінде байқалған "жұлдызды жаңбыр".
6/12
© REUTERS / AMIR COHEN
Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні минутына 200 "жұлдыздың құлауы" тіркелген. Суретте: Израильдің оңтүстігіндегі Негев шөлінде байқалған "жұлдызды жаңбыр".
CC BY 2.0 / Jenly Chen / Milky Way and Perseid meteor over Mauna KeaГавай аралындағы Мауна-Кеа вулканының төбесіндегі Құс Жолы мен Персеид метеоры.
Гавай аралындағы Мауна-Кеа вулканының төбесіндегі Құс Жолы мен Персеид метеоры.
CC BY 2.0 / David Wipf / Perseid comet near DenebАспандағы "Аққу" шоқжұлдызының ең жарық жұлдызының бірі – Денеб жанынан өтіп бара жатқан ерте метеор ағыны.
Аспандағы "Аққу" шоқжұлдызының ең жарық жұлдызының бірі – Денеб жанынан өтіп бара жатқан ерте метеор ағыны.
© REUTERS / Ognen Teofilovski Персеидтер Персей шоқжұлдызы жағынан пайда болады. Суретте: Солтүстік Македониядағы Стоби көне қаласының жанындағы бағаналар төбесіндегі метеорлар.
9/12
© REUTERS / Ognen Teofilovski
Персеидтер Персей шоқжұлдызы жағынан пайда болады. Суретте: Солтүстік Македониядағы Стоби көне қаласының жанындағы бағаналар төбесіндегі метеорлар.
© REUTERS / Dado RuvicПерсеидтер дегеніміз – Свифт-Таттл кометасының сынықтары. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауындағы метеор көрінісі.
10/12
© REUTERS / Dado Ruvic
Персеидтер дегеніміз – Свифт-Таттл кометасының сынықтары. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауындағы метеор көрінісі.
© ETHAN MILLERЖұлдыз аққан сәтте арманыңды іштей айтып үлгерсең ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Суретте: Невада штатының ұлттық демалыс орталығындағы Пинто-Вэлли шөлінің аспанындағы метеорлар.
11/12
© ETHAN MILLER
Жұлдыз аққан сәтте арманыңды іштей айтып үлгерсең ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Суретте: Невада штатының ұлттық демалыс орталығындағы Пинто-Вэлли шөлінің аспанындағы метеорлар.
© REUTERS / DADO RUVICЖер жыл сайын комета жолымен жүріп өтеді. Кометадан бөлініп шыққан сынықтар аспанда метеор түрінде байқалады. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауының аспанын құлап бара жатқан жұлдыз.
12/12
© REUTERS / DADO RUVIC
Жер жыл сайын комета жолымен жүріп өтеді. Кометадан бөлініп шыққан сынықтар аспанда метеор түрінде байқалады. Суретте: Босния және Герцеговинадағы Тврткавак тауының аспанын құлап бара жатқан жұлдыз.