Видео

Жұлдызды түндер....Персеидтер қаладан қашықта қалай көрінеді - видео

Sputnik Казахстан фототілшілері жұлдызды аспанды түсіру үшін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірнеше шақырым қашыққа арнайы шықты. Өйткені қалада мұндай көріністі тамашалау мүмкін болмас еді
Sputnik

Астрономдар Персеидтерді самал шамдары жарқыраған қаладан қашықта көруге кеңес береді. Ірі қалалар үшін қашықтық 30 шақырым болса, астанадан 50 шақырым алысқа шығу керек.

Жыл сайын "жұлдызды жауын" Жер Скифт-Таттл кометасының ұсақ ұшқындарынан өткен кезде Персей шоқжұлдызы жағынан пайда болады.

Сол ұсақ бөлшектер ауада жанып, метеорлар от-шашуын қалыптастырады.

Жер осы аралықты бірнеше күн мен аптада өтеді. Ауа-райы қолайлы болса тамыздың ортасында сағатына 110 метеордың "ағынын" тамашалауға болады.

Оқи отырыңыз: Куәгерлер ерекше құбылысты видеоға түсіріп алды