Әлем

Куәгерлер ерекше құбылысты видеоға түсіріп алды

© Photo : CC0 / Free-PhotosМетеорит
Метеорит - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Ірі метеорит жарылды. Аспан денесі Норвегия астанасына жақын жерде әуеде көрінді. Оның қалдықтары орманға құлады деп болжанып отыр  

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Норвегияның үстінен ұшып бара жатқан ірі метеорит айналаға жарық шашып, ауада жарылып кетті. Куәгерлер ерекше құбылысты видеоға түсіріп алды.

Метеориттің сынықтары Норвегия астанасы Ослоға жақын жердегі орман алқабына құлауы мүмкін, деп хабарлады Норвегияның NORSAR сейсмологиялық орталығы.

Куәгерлердің айтуынша, отты шарға ұқсас метеорит түнгі аспанды жарық қылып, секундына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Адамдар сондай-ақ гүрсілдеген дауысты естіген, деп хабарлады Reuters.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай метеориттің сынықтарын іздеуге кем дегенде он жыл уақыт кетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0