Украин мемлекеті мен украин армиясы отыз жылға жуық уақыттан бері Ресей мен РФ Қарулы күштерімен бәсекелесіп келеді. Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын 255 мың Қарулы күшімен қарсы алып отыр.
Мемлекеттің әскери қуаты бойынша батыс рейтингі Global Firepower бойынша Украина әлем елдері ішінде 25-ші орында – Вьеттнам мен Таиландтың ортасында тұр. Бірақ бүкіл әлем Украина Қарулы күштері АҚШ пен НАТО бағынысында екенін біледі.
Украина Қарулы күштерінің көп жылдан бері Донбасс шахтерлерімен атысуы, НАТО әскери нұсқаушыларының украин мамандарын жаттықтыруы елдің альянсқа кіретін уақыты жақындағандай және жауынгерлік қуаты артқандай әсер қалдырады. Бірақ украин қарулы күштерінің әскери-теңіз күштері мен әскери-әуе күштері соншалық қуатты әрі тиімді деу қиын. Оның үстіне жеке құрамның қарулануы және дайындық деңгейі бойынша құрлықтағы әскер халық арасындағы көтерілісті басуға ғана қауқары жететіндей.
Украина НАТО-дан тыс АҚШ-тың негізгі одақтасы деген статустан әлі алыс. Себебі "негізгі одақтас" деген статус қаржылық пайда мен Киевке "ресейлік қауіптен" толық қорғанысты қамтамасыз етуі керек емес пе? Алайда бүгінде Ауғанстанда (2012 жылдан бері АҚШ-тың негізгі одақтасы) болып жатқан жағдай америкалықтар мен альянс, 300 мың ұлттық армияны даярлау және қомақты қаражат ештеңеге кепілдік бермейтініне көз жеткізді.
Украинаның әскери-әуе күштерінің қатарында Кеңес Одағынан қалған 42 жойғыш ұшақ пен 34 соққы жасаушы тікұшақ бар. Ұшқыштардың дайындық деңгейі мен ұшу аппараттарының техникалық дайындығы тіпті Донбасс аспанына көтерілуге мұрша бермейді.
Украина Қарулы күштерінің құрлықтағы әскерінде бірқатар броньды техника мен артиллерия бар: 2430 танк, 11 400-ден астам броньды тасымалдаушы, шамамен 3000 өздігінен жүретін және тіркеуші артиллериялық қондырғы, 550 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе. Бұл ақиқатында өткен ғасырға жататын қуаты төмен техника. Украина қорғанысындағы ең әлсіз буын – әскери-теңіз күштері. Шетелдік өндіріске жататын жүзу құрылғыларының кейбірі қару-жарақсыз күйде тұр.
Осы тұста Украинадағы кеңестік әскери-теңіз мұрасы 2014 жылға дейін-ақ қираған болатын. Соғысуға жарамды жалғыз кеме "Гетман Сагайдачный" фрегаты еді. Алайда оны фрегат деп атау да қиын. Себебі оның қару-жарақ қатарында кемеге қарсы зымырандар жоқ.
Украинаға КСРО-дан мұра ретінде тату көрші мемлекеттер мен ұлттық қорғаныс құрылысына арналған қуатты мүмкіндіктер қалды: 980 мыңға жуық әскери қызметші, 8000 танк, 10 мың броньды техника, 20 мың түрлі артиллерия жүйесі, 1100-ден астам соғыс ұшағы мен 400 тікұшақ, Қара теңіз флотындағы 350-ге жуық кеме.
Бірақ ең алдымен Украина Қарулы күштерінің санын бес есеге қысқартты. 90-шы жылдардың басында-ақ Ұлттық армияға барғысы келетіндерден Ресейге қарсы күресуге дайындығы туралы сұрады. Бірінші онжылдықта-ақ Киев кеңес қаруының көп бөлігін Азия мен Африка елдеріне сатып жіберді. Соның салдарынан авиация, зымыран әскері ыдырауға шақ қалды.
2005 жылға қарай Украина қару-жарақ экспорты бойынша әлем көшбасшыларының біріне айналды. 2010 жылға қарай Украина Қарулы күштері танктердің үштен екі бөлігін, броньды машина мен артиллериялық жүйенің жартысын жоғалтты. Алайда қаражаттың қайда кеткені белгісіз. Украина 1991-2015 жылдар аралығында небәрі 75 Saxon броньды машинасын, сегіз Spartan броньды техникасын және 58250 жобасының құрылысы аяқталмаған корветінің қару-жарағын сатып алды.
Украина 2014 жылы кезекті "майданды" қатардағы 700 танкпен, 2189 соғыс машинасымен, 1421 артиллериялық жүйемен, 206 тікұшақ және 326 ұшақпен қарсы алды. Одан әрі Донбаста Украина Қарулы күштері 300-ден астам танктен, артиллериялық жүйе мен броньды машинасының жартысына жуығынан айырылды. Бұл тек ресми дерек қана. International Institute for Strategic Studies Military Balance мәліметі бойынша шығын бұдан әлдеқайда көп.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram-арнасына жазылыңыз.