Әлем

Қазақстан қай елден артта қалды – әскери күш-қуаттың әлемдік рейтингі жарияланды

© Sputnik / Grigoriy Sysoyev / Медиабанкке өтуХалықаралық "Армия-2020" әскери-техникалық форумының көрмесі
Халықаралық Армия-2020 әскери-техникалық форумының көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД елдері ішінде Ресей мен Украина, Беларусь пен Өзбекстан Қазақстаннан  көш ілгері озып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. "Global Firepower 202" атты қарулы күштердің кезекті рейтингі жарияланды. Осы жолы Қазақстан 62-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Global Firepower сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингке 138 мемлекет енді. Әдеттегідей, әскери күш-қуат жағынан үш мемлекет көш бастап тұр. Олар – АҚШ, Ресей мен Қытай. Сондай-ақ, үздік ондыққа Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Бразилия мен Пәкістан енді. Ал ең соңғы орында Бутан жайғасты.

Биыл Қазақстан бір саты жоғарылап, 62 орынға көтерілді. Алдымызда – Сербия, артымызда – Хорватия. Ал ТМД елдері ішінде Ресей (2), Украина (25), Беларусь (50) пен Өзбекстан (51) Қазақстаннан озып кетті.  Әзірбайжан 64-орында тұр.

Рейтинг қалай жасалады

Басылым негізгі 50 көрсеткішке баса назар аударды. Олар:

  • қорғаныс саласына кететін шығындар;
  • техника мен құрал-жабдықтар арсеналы;
  • әскер саны;
  • танк, кеме, ұшақ пен басқа да әскери техниканың саны;
  • мұнай өнімдеріне қолжетімділік;
  • әскердің соғысқа қабілеттілігіне әсер ететін басқа да факторлар.

Айта кетейік, рейтингті құру кезінде ядролық қарудың бар-жоғы есепке алынған жоқ.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі әскери киім киюге тыйым салынғанын ресми түрде жоққа шығарды

Жаңалықтар
0