Фото

Шекарашылар күні: ел шебін күзетіп жүргендердің тыныс-тіршілігі – фото

Sputnik

Қазақстанның тұңғыш президенті 1992 жылдың 18 тамызында Шекара әскерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Сондықтан араға 20 жыл салып ресми мереке белгіленді деуге болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – елдің мемлекеттік шекарасын күзетуге арналған арнайы қызмет. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында жас мемлекеттің аймақтық бүтіндігі мен егемендігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мәселе туындады.

Жаңа бөлімше Кеңес Одағы кезінде ең қуатты саналған Алматы штабы мен Шығыс Қызыл Ту ордені шекара округінің негізінде құрылды. Әйтсе де республикадағы әскер нөлден қалыптасты деуге негіз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында офицерлік құрам 100 процентке жаңартылды.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов қазақстандық шекарашыларды құттықтады

Мұның барлығы мемлекеттік шекара статусы мен ұзындығы ай сайын өзгеріп отырған уақытта болып жатты. Кеңес Одағы кезінде ұзындығы 1,7 мың километр болатын Қытаймен арадағы шекара ғана күзетілді.

Қазір Қазақстанның шекара қызметі бес елмен арадағы 15 мың километр мемлекеттік шекараны күзетіп, шөл мен құрлықта ғана емес, Каспий теңізінің акваториясы мен әуеде де күзетте тұр.

Шекарашылардың күнделікті қызметін суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 15
Ленин комсомолы атындағы шекара заставасының әскерилері шекарадағы учаскенің бірін тексеріп жүр, 1988 жыл.
2 / 15
Қызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысып жатқан Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі құрамасының өкілі, 2021 жыл.
3 / 15
"Қорғас" заставасындағы әскери қызметшілер радиолокациялық жүйенің көмегімен шекара учаскесін бақылап отыр, 1984 жыл.
4 / 15
Әуежайдағы құжат тексеру бөліміндегі Қазақстан Шекара қызметінің қызметкері.
5 / 15
Шекара жасағының тікұшақтан түсу сәті. Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
6 / 15
Мұнда кедергісіздік режимінің басымдылығына қарамастан, "Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы Қазақстанның күзетуге жататын мемлекеттік шекарасының бір бөлігі болып қала береді.
7 / 15
Шекарашылар полигонда өтетін оқу-жаттығулар кезінде өз қабілеттерін тұрақты жетілдіріп тұрады.
8 / 15
Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы Беларусьте өткен қызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысты.
9 / 15
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бақылау мұнарасы. Ол Бағыс аулына жақын маңда орналасқан.
10 / 15
Қытай-КСРО шекарасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
11 / 15
Жиырма бірінші ғасырдың бірінші тоқсаны аяқталған шақта техникалық құралдар мен технологияның дамығанына қарамастан, шекарашылар барлығын өз көзімен көргенді дұрыс деп санайды. Сондықтан аймақты патрульдеуге әлі де адамдар аттанады.
12 / 15
"Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы" өткізу пунктінде құжаттарды тексеру екі бағыт бойынша жүргізіледі.
13 / 15
Қазақстан шекарасы құрлықпен ғана емес, су арқылы да өтеді. Каспийде шекарашылар браконьерлер және шекараны заңсыз бұзғандармен күресуде.
14 / 15
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пунктіндегі бейтарап жолақ.
15 / 15
Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған мемлекет. Оның Ресеймен құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар. Тәуелсіздік жылдары посткеңестік мемлекеттермен арадағы барлық шекара белгіленді. Мемлекетіміздің барлық шекарасы сенімді күзетілуде.