Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Шекарашылар күні: ел шебін күзетіп жүргендердің тыныс-тіршілігі – фото

Жазылу
Қазақстан шекарашылары өздерінің кәсіби мерекесін 18 тамызда атап өтеді. Елімізде Шекарашылар күні күнтізбеде алғаш рет 2012 жылы пайда болды

Қазақстанның тұңғыш президенті 1992 жылдың 18 тамызында Шекара әскерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Сондықтан араға 20 жыл салып ресми мереке белгіленді деуге болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – елдің мемлекеттік шекарасын күзетуге арналған арнайы қызмет. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында жас мемлекеттің аймақтық бүтіндігі мен егемендігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мәселе туындады.

Жаңа бөлімше Кеңес Одағы кезінде ең қуатты саналған Алматы штабы мен Шығыс Қызыл Ту ордені шекара округінің негізінде құрылды. Әйтсе де республикадағы әскер нөлден қалыптасты деуге негіз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында офицерлік құрам 100 процентке жаңартылды.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов қазақстандық шекарашыларды құттықтады

Мұның барлығы мемлекеттік шекара статусы мен ұзындығы ай сайын өзгеріп отырған уақытта болып жатты. Кеңес Одағы кезінде ұзындығы 1,7 мың километр болатын Қытаймен арадағы шекара ғана күзетілді.

Қазір Қазақстанның шекара қызметі бес елмен арадағы 15 мың километр мемлекеттік шекараны күзетіп, шөл мен құрлықта ғана емес, Каспий теңізінің акваториясы мен әуеде де күзетте тұр.

Шекарашылардың күнделікті қызметін суреттер топтамасынан көріңіз.

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуЛенин комсомолы атындағы шекара заставасының әскерилері шекарадағы учаскенің бірін тексеріп жүр, 1988 жыл.
Қазақстан шекарашылары - Sputnik Қазақстан
1/15
Ленин комсомолы атындағы шекара заставасының әскерилері шекарадағы учаскенің бірін тексеріп жүр, 1988 жыл.
© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности КазахстанаҚызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысып жатқан Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі құрамасының өкілі, 2021 жыл.
Шекарашылар халықаралық чемпионатта - Sputnik Қазақстан
2/15
Қызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысып жатқан Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі құрамасының өкілі, 2021 жыл.
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өту"Қорғас" заставасындағы әскери қызметшілер радиолокациялық жүйенің көмегімен шекара учаскесін бақылап отыр, 1984 жыл.
Радиолокациялық станциядағы шекарашылар - Sputnik Қазақстан
3/15
"Қорғас" заставасындағы әскери қызметшілер радиолокациялық жүйенің көмегімен шекара учаскесін бақылап отыр, 1984 жыл.
© Photo : Пресс-служба Комитета национальной Безопасности Казахстан Әуежайдағы құжат тексеру бөліміндегі Қазақстан Шекара қызметінің қызметкері.
Әуежайдағы шекара қызметкері - Sputnik Қазақстан
4/15
Әуежайдағы құжат тексеру бөліміндегі Қазақстан Шекара қызметінің қызметкері.
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуШекара жасағының тікұшақтан түсу сәті. Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
Тікұшақтан түскен шекарашылар - Sputnik Қазақстан
5/15
Шекара жасағының тікұшақтан түсу сәті. Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
© Sputnik / Тимур БатыршинМұнда кедергісіздік режимінің басымдылығына қарамастан, "Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы Қазақстанның күзетуге жататын мемлекеттік шекарасының бір бөлігі болып қала береді.
Блок бекеттегі шекарашы - Sputnik Қазақстан
6/15
Мұнда кедергісіздік режимінің басымдылығына қарамастан, "Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы Қазақстанның күзетуге жататын мемлекеттік шекарасының бір бөлігі болып қала береді.
© Sputnik / Тимур БатыршинШекарашылар полигонда өтетін оқу-жаттығулар кезінде өз қабілеттерін тұрақты жетілдіріп тұрады.
Полигондағы шекарашы - Sputnik Қазақстан
7/15
Шекарашылар полигонда өтетін оқу-жаттығулар кезінде өз қабілеттерін тұрақты жетілдіріп тұрады.
© Photo : Прес-служба Комитета национальной безопасности КазахстанаҚазақстан ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы Беларусьте өткен қызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысты.
ҰҚҚ шекарашылар құрамасы - Sputnik Қазақстан
8/15
Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы Беларусьте өткен қызметтік биатлон бойынша халықаралық чемпионатқа қатысты.
© Photo : Предоставлено местными жителями Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бақылау мұнарасы. Ол Бағыс аулына жақын маңда орналасқан.
Өзбекстанмен шекара - Sputnik Қазақстан
9/15
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бақылау мұнарасы. Ол Бағыс аулына жақын маңда орналасқан.
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуҚытай-КСРО шекарасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
Қазақстан шекарашылары - Sputnik Қазақстан
10/15
Қытай-КСРО шекарасындағы "Қорғас" шекара заставасы, 1984 жыл.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖиырма бірінші ғасырдың бірінші тоқсаны аяқталған шақта техникалық құралдар мен технологияның дамығанына қарамастан, шекарашылар барлығын өз көзімен көргенді дұрыс деп санайды. Сондықтан аймақты патрульдеуге әлі де адамдар аттанады.
Шекара пункті - Sputnik Қазақстан
11/15
Жиырма бірінші ғасырдың бірінші тоқсаны аяқталған шақта техникалық құралдар мен технологияның дамығанына қарамастан, шекарашылар барлығын өз көзімен көргенді дұрыс деп санайды. Сондықтан аймақты патрульдеуге әлі де адамдар аттанады.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы" өткізу пунктінде құжаттарды тексеру екі бағыт бойынша жүргізіледі.
Шекарашы құжат тексеруде - Sputnik Қазақстан
12/15
"Қорғас" халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы" өткізу пунктінде құжаттарды тексеру екі бағыт бойынша жүргізіледі.
© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности Казахстана Қазақстан шекарасы құрлықпен ғана емес, су арқылы да өтеді. Каспийде шекарашылар браконьерлер және шекараны заңсыз бұзғандармен күресуде.
Каспийдегі шекарашылар - Sputnik Қазақстан
13/15
Қазақстан шекарасы құрлықпен ғана емес, су арқылы да өтеді. Каспийде шекарашылар браконьерлер және шекараны заңсыз бұзғандармен күресуде.
© Sputnik / Tabyldy KadyrbekovҚырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пунктіндегі бейтарап жолақ.
Қырғыз-қазақ шекарасы - Sputnik Қазақстан
14/15
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пунктіндегі бейтарап жолақ.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған мемлекет. Оның Ресеймен құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар. Тәуелсіздік жылдары посткеңестік мемлекеттермен арадағы барлық шекара белгіленді. Мемлекетіміздің барлық шекарасы сенімді күзетілуде.
Шекара пункті - Sputnik Қазақстан
15/15
Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған мемлекет. Оның Ресеймен құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар. Тәуелсіздік жылдары посткеңестік мемлекеттермен арадағы барлық шекара белгіленді. Мемлекетіміздің барлық шекарасы сенімді күзетілуде.
Жаңалықтар
0